АймақЖаңалықтар

Қарағандыда полиция қызметкерлерін соққыға жыққан заңгер сотталды

Қарағандыда заңгер көшедегі жанжалды шешпек болған екі полицейді соққыға жыққан. Қылмыстық іс Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Іс материалдарына сәйкес, адвокат пен екі полиция қызметкерлері арасында жанжал 2023 жылдың 21 қыркүйегінде қаладағы дәмханалардың бірінің жанында болған.

Сурет: azh.kz

Сол күні кешке адвокаттың көмекшісі досының туған күнін кафеде атап өткен. Кештің қызған шағында ол отырысқа қатысушылардың бірімен сөзге келіспей қалып, мәселені шешу үшін далаға шығады. Осы кезде оларға екі полицей келіп, жанжалды шешуге тырысқан. Бірақ олар алдымен әдепсіз сөз бен бірнеше соққылар алады. Оны тек басқа да потрульдік полиция қызметін көмекке шақыру арқылы ғана тыныштандыруға тура келген. Ұсталған кезде ол жеңіл дәрежеде мас болған. Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Алайда зардап шеккен полицейлер сотталушыны кешірген жоқ. Олар сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы олардан кешірім сұрамағанын айтты. Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы «Биліктің екі және одан да көп өкіліне күш қолдану әрекеттері» бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған азамат жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button