АймақЖаңалықтар
Қарағандыда мейрамхана өртенді
Кеше Қарағандыда бұрынғы «Урарту» мейрамханасы өртенді. Өрттің шығуына металл кесу кезінде жонғыштан шыққан ұшқын себеп болған. Оқиға кезінде мейрамханада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, С.Сейфуллин даңғылы бойында орналасқан мейрамхананың 180 шаршы метрі өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 33 адам мен 8 техника жұмылдырылған.
– «Урарту» мейрамханасы ғимаратында 180 шаршы метр шатыр мен бірінші қабатта өрт шықты. Өртті облыстың төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті барша азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.