Қарағандыда Мұқағалидың туған күніне орай әдеби-сазды кеш өтеді
7 ақпан күні сағат 17:00-де Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде мұзарт шолған мұзбалақ Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?» атты әдеби-сазды кеш өтеді.
Ақиық ақынның туған күні еліміздің түпкір-түпкірінде түрлі поэтикалық кештерге ұласып, поэзия мейрамына айналып кеткені анық. Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткелі отырған аталмыш шара осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Дәстүрге айналған жыр жәрмеңкесіне Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақтың айбоз ақыны Серік Ақсұңқарұлы, Қазақстан жазушылар одағының мүшелері Қойлыбай Асан, Руза Алдашева, Руслан Нұрбай, Серік Сағынтай, Қайрат Асқар, Ілияс Мұқай, Сұлтан Дәулетхан, Салтанат Смағұлова, Ерқанат Кеңесбекұлы бастаған ақындар, Арқаның дүлдүл әншілері, танымал театр актерлары қатысады деп жоспарлануда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz