Бас тақырып

Қарағандыда Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері жауапқа тартылды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз көмектескен тестілеу орталығының қызметкерлерін анықтады.

Сурет: ҚР ҰҚК

– Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлігімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары — С, Ж және Н-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді. Олардың әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды, — делінген хабарламада.

Сотталған азаматтар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары үшін тергелген.

Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button