Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазыбек би атындағы аудандық филиалының ұйымдастыруымен жастарды отанды сүйгіштікке, қан майданда қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында Кеңес Одағының Батыры, қазақтың даңқты қызы Әлия Молдағұлованың өшпес ерлігінің 80 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті.
Іс-шара «Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі» ғимаратында өтті.
Батыр қызды еске алуға арналған шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын, жерлесіміз Контр-адмирал, ардагер Кенжебек Қабышұлы, ауған соғысының ардагері Амангелді Жантасов, тәжік-ауған қақтығысының ардагері Шүкіржан Елубайұлы және ардагерлер, әскери бөлім сарбаздары, ұстаздар, оқушылар қатысты.
Еске алу шарасы барысында аты аңызға айналған мерген қыздың өмірі мен ерлігі туралы мағлұмат беріліп, студенттер күй және патриоттық, рухты әндер орындалды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz