Қарағанды облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері Долинка кентінде орналасқан қауіпсіздік мекемесінен бірнеше күн бұрын жұмыстан кейін колонияға оралмай, қашып кеткен сотталушыны ұстады.
Сотталушының қай жерде жергенін колония қызметкерлері анықтаған. Тұтқын алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқан. Сондай-ақ 3 айдан кейін жазасын өтеп шығуы керек болған. Бірақ ол күтпей қашып үлгерген.
– Сотталған адам мекемеге қайтарылды. Оған заңға сәйкес шара қолданылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, жазаны өтеуден жалтару екі жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, – деп хабарлады Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Долинка кентіндегі колония қызметкерлері де жазасыз қалмайды, олар жұмыс істегеннен кейін тұтқындардың режимдік объектіге келуін қамтамасыз етуі керек болған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz