Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда әкімдік қызметкерлері шұғыл эвакуацияланды
Бүгін түскі уақыт шамасында Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан түтін шығып, әкімдік қызметкерлері шұғыл эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоңырау 11.46-да түскен. Оқиға орнына жеке құрамның 20 адамы мен бес техникасы шұғыл жетіп, өрт сөндірушілер әкімдік ғимаратының жертөлесінде қысқа тұйықталу болғанын, бірақ ештеңенің жанбағанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.