Жаңалықтар

Қарағандыда көмір қымбаттап, табиғи газ бағасы арзандады

Өңірде «Шұбаркөл» көмірі 13%-ға қымбаттаған. Енді карьерден шығарылатын бір тонна көмірдің бағасы – 6 898 теңге, деп хабарлайды Оrtalyq.kz «Вечерняя Караганда» Telegram каналына сілтеме жасап.

– Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін көмірді сату биржалық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте баға биржадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптастырылады. Яғни, нарықтың өзі сату бағасын анықтайды. Биржалық сауда-саттық нәтижелері бойынша анықталған көмірді көтерме бағамен сатып алушылар тұтынушылардың сұранысына сүйене отырып, өздерінің сату аумағын дербес қалыптастырады. «Шұбаркөл» АҚ көмірді тікелей халыққа сатпайды, – деп хабарлады компания.

Сонымен бірге халық пен бизнес үшін табиғи газ бағасы төмендеді. Жаңа жылға дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» магистральдар арқылы газ тасымалдау қызметінің құнын арттыруға өтінім берген болатын. Алайда тарифті көтерудің орнына монополияға қарсы компаниялар оны төмендетіп жіберді. Енді табиғи газдың текше метрінің құны 37,6 теңгені құрайды.

Басқа материалдар

Back to top button