Жаңалықтар

Қарағандыда «Көмір генералы» Николай Дриждға арналған мемориалдық тақта орнатылды

Николай Дриждтің 95 жылдығына орай Ленин атындағы шахтаның әкімшілік-тұрмыстық ғимаратында ескерткіш тақта орнатылды.

Дәл осы шахтада Николай Александрович Дрижд 1964 жылдан 1976 жылға дейін директор қызметін атқарған. Ол Ленин атындағы шахтаның негізін қалаған.

Николай Дрижд – аты аңызға айналған адам. Көзінің тірісінде «Көмір генералы» деген атқа ие болған. Ол өндіру учаскесінің бастығынан «Қарағанды көмір» ӨБ бас директорына дейінгі жолдарды жүріп өткен. Николай Александрович жұмысқа деген ерекше ерік-жігері мен еңбекқорлығының арқасында тау-кен ісінің нағыз маманы болған. Ол Қарағанды көмір бассейнінің қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан.

 – Ленин атындағы шахтаның ұжымы үшін, ескерткіш тақта орнату маңызды оқиға екені сөзсіз. Өз кәсіпорнының тарихын білу, Қарағанды көмір бассейнінің тарихында есімі алтын әріптермен жазылған есімдерді білу және есте сақтау кеншілердің кейінгі буынына үлгі болуы керек. Бұл аңызға айналған адамның жарқын жүзі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады,-дейді «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев.

ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Back to top button