Жаңалықтар

Қарағандыда әйел қамауда отырған күйеуіне телефон кіргізіп бермек болған

Қарағандыда қамауда отырған күйеуімен кездесуге келген әйелі телефон жасырып кірмек болған. Әйел адам барлық тексерістен өтіп үлгергеннен кейін ұсталған,- деп хабарлайды ortalyq.kz  «Патриот»  Telegram-арнасынасайтына сілтеме жасап.

Сурет: https://twitter.com/71proletarskii/status/1528712514434961411

Telegram-арна мәліметінше, әйел адам телефонды басына таққан әшекейге (ободок-еск.) тығып кірмек болған.

– Ол барлық тексерістен өтіп үлгерген. Оны тексеріп, тыйым салынған зат табылмады. Әйел адам тексеру бөлмесінен шығуға асықты. Ол бөлмеден шыға бергенде бақылаушы әйел адамның басындағы әшекейді көріп, күдіктенді. Қасындағы қызметкерге әйелдің басындағы әшекейді де тексеру керегін ымдап жеткізген,- делінген жазбада.

Әйел адамның әшекейінен Nokia ұялы телефоны шыққан. Изолятор қызметкерлері телефонды тәркілеп, әйел адамға қатысты хаттама толтырды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button