АймақЖаңалықтар

Қарағандыда ірі жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті

Бүгін Қарағандыдағы Қ.Аманжолов көшесінде жан түршігерлік жол апаты болды. Бірден алты көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасынан бір адам  көз жұмып, үшеуі ауыр жарақатпен қалалық медициналық мекемелерге жеткізілді.

Сурет: Kazinform

– Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қарағанды облысының жол полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жылдамдықты шектен тыс асырмауды ескертеді, – дейді Қарағанды қалалық патрульдік полиция полкінің командирі Рубен Овсепян.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button