Спорт

Қарағандыда еріктілер арасында шағын футболдан турнир өтті

Халықаралық жастар күніне орай, AMANAT партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастыруымен волонтерлік ұйымдар арасында 100-ден астам жастың қатысуымен шағын футболдан турнир өтті.

футбол

18 команда қатысқан додада Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының және Абай ауданының командалары да болды.

Саламатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының басты кепілі. Футбол ұжымдық ойын болғандықтан, команда мүшелерінің, ерікті, еңбекқор жастардың бір-бірімен ауызбіршілігін көрсетті.

Тартысты өткен жарыста І орынды – «Исландия» командасы алса, ІІ орынды – «Мы из Шахтинска» еншіледі. Ал, ІІІ орын – «Team Ahiwki» командасында.

Ұйымдастырушылар үздік ойын көрсеткен Руслан Бекбаев мен Эльдар Махмадовқа арнайы жүлде табыстады

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button