Жаңалықтар

Дәмхана жұмысына шектеу қойған полицейлер жауапқа тартылды

Қазыбек би ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектісінің құқығын қалпына келтіріп, Қарағандыдағы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі белгілеген шектеулерді алып тастады.

Сурет: prostoratbasar.kz

– Қылмыстық іс аясында кәсіпкердің шағымын қарау кезінде дәмхананы мөрлеу арқылы оның қызметін тоқтата тұру фактісі анықталды. Полиция бөлімшесі кәсіпкерлік субъектісінің заңды құқықтарын бұзуға жол беріп, нәтижесінде қызметін заңсыз тоқтатып, материалдық шығын келтірген, – деді Қазыбек би ауданының прокуратурасы.

Прокурорлық тексеріс шаралары кезінде дәмханадан шектеу шаралары алынып, ол өз жұмысын жалғастырды. Прокуратурада атап өткендей, кінәлілер жауапқа тартылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button