АймақҚарағанды

Қарағандыда дәмхана өртеніп, әкімші мен аспаз зардап шекті

Қарағандыда бүгін түскі ас кезінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханадан өрт шықты. Құтқарушылар баспалдақ арқылы үй тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр болды. Өрттен дәмхананың әкімшісі мен аспаз зардап шекті.

– Бүгін сағат 12:53-те Қарағанды ​​қаласы, 12 шағын ауданда өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Maken Sushi Pizza» фаст-фуд дәмханасынының ас үйі мен сөре, жиһаз, тоңазытқыш, құрал-жабдықтар мен терезе жақтаулары өртке оранды, – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жедел жәрдем қызметкерлері аспазшыны тексеріп, медициналық көмек көрсетті, әкімшінің бетін күйік шалып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Сонымен қатар, құтқарушылар баспалдақ арқылы үйден он адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Өрт сағат 13:35-те ауыздықталды. Өрт орнына Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 27 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. ️

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button