АймақҚарағанды

Қарағандыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Ертең, 31 мамыр күні Қалалық мансап орталығы «Таир» сауда үйінде бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Суреттер:Қалалық мансап орталығынан

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде сұранысқа ие мамандықтар саны артып келеді. Жәмеңкеде көбінесе дәнекерлеуші, электрик, мұғалім, дәрігер, медбике, тәрбиеші, сатушы, кассир, жүргізуші және т. б. Салалар бойынша жұмыс ұсынылады.

Мансап орталығының мәліметінше, жәрмеңкеде әр түрлі қызмет салаларынан 40-тан астам жұмыс беруші бос орындарын ұсынады. Олардың қатарында КamaТyres, Asia FerroAlloys, «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» ҚТЖ ҰК АҚ филиалы және т. б. сияқты мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар бар.

Сондай-ақ, Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының пробация қызметі мен прокуратурасының, жеке сот орындаушылар палатасының және Қарағанды облысының Әділет департаментінің өкілдері қатысады.

Бүгінгі таңда enbek.kz электрондық еңбек биржасында Қарағанды бойынша 2 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.

Жәрмеңке сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Таир» сауда үйінде өтеді.

Байланыс телефондары: (8-7212) 996-404, +7 775-644-35-80 (WhatsApp).

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button