Қарағанды
Қарағандыда биыл 49 шақырым жол жөнделеді
Биыл Қарағанды қаласында жалпы ұзындығы 49 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.
Бөкетов көшесінің бойына толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тіпті, бұл жерде жұмыстар басталып кеткен. Космонавтар көшесінің бойындағы тас жолды қайта жаңарту жұмыстары да басталды.
Үлкен Михайловка станциясының жаяу жүргіншілер өткелі мен Пичугина-Новоселов көшесінің бойындағы тас жолға да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Алайда, ол көшелерде әлі жұмыстар бастала қойған жоқ.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz