Аймақ

Қарағандыда беті ашық құдыққа бала түсіп кетті

Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан Сарыарқа көшесіндегі беті ашық құдыққа бала түсіп кетті. Абырой болғанда әкесі дер кезінде ұлын шығарып алады. Әкесі оқиға орнын видеоға түсіріп, полицияға шағымданған.

Сурет пен видео narodnyi.control.krg

Баланың әкесі ұялы телефонына жазып алған видеожазбасын әлеуметтік желіге жариялаған. Онда ұлының қалай құлап кеткенін және қалай алып шыққанын айтып берген.

– Бұл біздің жаңа сквер. Баламмен серуендеп жүргенмін. Ол ойнап жүрді. Сөйтсем, бала құдыққа түсіп кетіпті. Мен оны ізімен жүріп, құдықтан тауып алдым, – делінген видеода.

Сол күні саябақтың әкімшілік бөліміне қоңырау шалып, шағым түсірген. Кешкісін олардан «Құдық жабылды» деген хабар түседі. Алайда, көңілі алаң әке оқиға орнына қайта барыпты. Бірақ, «Құдық жабылды» деген саябақ әкімшілігі ашық тұрған құдықтың бетін тек ағаш бұтаға толтырып, қызыл лентамен орап кеткен. Ертеңінде Оңтүстік-Шығыс су бұру цехының мамандары ашық тұрған құдықтың кімге тиесілі екенін анықтаған. Айта кетейік, бұл «Қарағанды Су» ЖШС компаниясының балансына да кірмейтін көрінеді. Тіпті, ашық құдық кәріз немесе су құбыры да емес екен. Дегенмен, аталған цехтың «Бригада КПР» мамандары шұңқырдың бетін бетонмен жауып кеткен.

Ал, аталған факт полицияда тіркелді. Облыстық полиция департаментінің мамандары:

– Жәбірленуші медициналық мекемеге жүгінген. Сондықтан, түпкілікті шешім сот-медициналық сараптамасының қорытындысынан кейін қабылданады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жауапкершілікке тарту үшін осы жерасты коммуникациясына қызмет көрсететін ұйым құрып жатқанын хабарлаймыз, – деп түсіндірді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button