Бас тақырып

Қарағандыда Алғыс айту күніне арналған челлендж басталды

1 наурыз – Алғыс айту күні. Мереке қарсаңында «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студенттері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Студенттер бірнеше күн бойы ұлттық киім киіп, адамдар көп жиналатын жерлерде қала тұрғындары мен қонақтарына құрт таратты. Түрік халықтарының дәстүрлі тағамдарын ұсынып, қазақ халық әндерін орындады.

Алдағы уақытта аталмыш мереке қарсаңында Қарағандының түрлі аудандарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
«Теміржолшылар» мәдениет үйінде «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» дөңгелек үстелі өтеді.

«Молодежный» мәдениет үйінде «Шын жүректен, мың алғыс», М.Әуезов атындағы кітапханада «Рахмет саған – Туған ел» музыкалық кеші өтеді.

Одан бөлек, қаланың балалар мен жасөспірімдер клубтарында «Мен алғыс айтамын» ақпараттық сағаты ұйымдастырылып, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Алғыс айту – асыл қасиет» концерттік бағдарламасы қойылады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button