АймақБас тақырыпҚарағанды
Қарағандыда «Аль-Фараби» тұрғын үй кешені бұзылады
Қарағандыда Мұқанов көшесі 55/2 мекенжайындағы «Аль-Фараби» тұрғын үй кешені бұзылады. Ол бұрынғы тігін фабрикасының орнында орналасқан.
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тұрғын үйді рұқсатсыз салынған деп тануды талап етіп, сотқа шағым түсірді.
Талқылау барысында құрылыс-монтаждау жұмыстары Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының хабарламасынсыз, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамасыз, жобаны сараптамасыз, техникалық және авторлық қадағалаудың сүйемелдеуінсіз басталғаны белгілі болды.
Экономикалық сот тұрғын үйді 30 күн ішінде бұзуға шешім қабылдады. Бірақ сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Айта кетейік, тұрғын үй кешені құрылысына 250 үлескер өз ақшаларын салған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz