Қарағандыда алғаш рет «Үздік тәжірибелер орталығы» ашылды
Қарағанды қаласының №3 емханасы базасында облыс бойынша алғашқы рет “Үздік тәжірибелер орталығы” ашылды.
Үздік тәжірибе орталықтары облыстың барлық мемлекеттік және жеке емханаларында 2024 жылдың қаңтарынан бастап енгізілетін болады.
Халыққа сапалы медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсетуге, отбасылық жұмыс қағидаты, құрамында отбасы дәрігері, психолог, әлеуметтік қызметкер және бейінді мамандар болуына, туғаннан бастап қартайғанға дейін отбасының барлық мүшелерінің тәртіптік команданың бақылауында болуына баса назар аударылады.
Үздік тәжірибе орталығында «Халық кеңесі» – қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылады.
Сонымен қатар орталықта тараптар арасындағы дауды немесе жанжалды шешу, емханада туындайтын мәселелерді бірлесіп шешу жөнінде әрбір тұрғын өз өтінішін қалдыра алады. Оның құрамына жастардан бастап егде жастағы тұрғындарға дейінгі әртүрлі жастағы тіркелген халықтың өкілдері кіреді.
Осылайша денсаулықты сақтау үшін тұрғындар, мемлекет қайраткерлері, медицина қызметкерлері бірдей жауапты болмақ.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz