Жаңалықтар

Қарағандыда 35 мыңнан астам контрафактілік алкоголь тәркіленді

Қарағанды ​​облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 35 мыңнан астам контрафактілік алкоголь өнімін тәркіледі, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлерге белгілі бір азаматтар облыс аумағында акциздік маркалармен алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану арқылы заңсыз ішімдік өнімдерін сатумен айналысып жатқаны туралы ақпарат түсті. Сонымен қатар азаматтар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланып, акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзғаны анықталды.

Тәртіп сақшылары арнайы мақсаттағы жасақ және экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы екі мекенжайда тінту жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген кешенді тінту жұмыстары барысында  35 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен белгіленген контрофактілі алкогольдік өнім тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен әр рулонда 1000 жапсырмадан тұратын жеті рулон жапсырылатын акциздік маркалар тәркіленді.

Нәтижесінде бұл іске қатысы бар жеті күдікті анықталды. Олардың ішінде 28 бен 57 жас аралығындағы бес ер азамат, 30 бен 59 жас аралығындағы екі әйел бар.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Басқа материалдар

Back to top button