Бас тақырып

Қарағандыда 200 шабандоздың қатысуымен жаппай көкпар ұйымдастырылды

20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Осы күні аймақта көкпар маусымы ресми түрде ашылды. Тәттімбет көшесі бойында «Baspana» ТК мен Күнгей шағын ауданының арасында Қарағанды қаласы әкімінің кубогі үшін ардагерлер арасында төрт команда өзара бақ сынады. Жеке командалық сайыстан кейін «Жалпы көкпар» ұйымдастырылды. Оған 200 адам қатысып, 1 млн. теңгені сарапқа салды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Әуелі шара ардагерлер арасындағы көкпардан басталды. Бұқар жырау, Ақтоғай, Шет және Абай ауданынан келген командалар өзара мықтыны анықтамақ. Бас бәйге – қала әкімінің кубогі. Әрі 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлығы да бар.

– Қарсыластар бірінен бірі өтеді. Ойын тартысты өтіп жатыр. Жаппай көкпардың бас бәйгесі – 1 млн. теңге. Мұнда алғашқы 10 салымға – 20 мың теңгеден үлестіріледі. 20 салымнан кейін баға 50 мыңға көтеріледі. Қалған 300 мың теңгесі үздік шыққан үш палуанға беріледі. Одан бөлек, ҚР Жаппай көкпар федерациясының президенті Ғани Дирманов арнайы беріп жіберген үш белбеу де қатар беріледі, – деді облыстық ұлттық және ат спорты түрлері федерациясының президенті Нұржан Шайхин.

Соңғы екі салымға 200 мың теңгемен қатар екі белбеу беріледі. Яғни «баруына» – 100 мың, «қайтуына» – 100 мың. Соңғы 100 мың теңге мен белдеу ең көп салым салған шабандозға беріледі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button