Бұған дейін Қарағанды-Теміртау бағытында қатынайтын автобус санын арттыруға тендер жариялағанын жазған болатынбыз. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 17 сәуірден бастап №107 бағытта қатынайтын автобус саны 16 бірлікке артатынын мәлімдеді.
– 31 наурызда Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қарағанды-Теміртау бағытында қатынайтын автобус санын арттыру мақсатында конкурс өткізген болатын. Тендер ойдағыдай өтті. Енді бұл бағытта қатынайтын автобус саны 10-нан 16 бірлікке артты. Енді жаңа кесте әзірленуде. Тасымалдаушы автобустар мен жүргізушілерді дайындап жатырмыз, – деді басқарма мамандары.
Естеріңізге сала кетейік, Теміртау тұрғындары автобус санының аздығын айтып, құзырлы органдарға талай мәрте шағымданған еді. Бұл маршрутқа №3 және №5 автопарк қызмет көрсететін. Сәйкесінше, жолға әр автопарк 5 автобустан жіберіп отыруы керек-тін. Алайда, тиісті автобустар уақытылы әрі толығымен желіде болмаған.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz