Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды тұрғыны TikTok-тағы жазбасы үшін 7 жылға сотталды

Қылмыстық істі Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты қарады. Сотталушыға TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттады деген айып тағылды.

Сурет: playground.ru

Сот ер адамның қарулы жиһадқа шақыратын діни мазмұндағы жазбалар мен видеоларды жариялағанын анықтады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол өкінетінін айтып, соттан өзіне ең төменгі жаза тағайындауды сұрады. Сот оны Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі «Терроризмді насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризм актісін жасауға шақыру» бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады.

 Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button