Жаңалықтар

Қарағанды облысының тас жолында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Оқиға кеше, 28 мамыр күні кешкі уақытта  болған. Қарағанды-Қарқаралы бағытында келе жатқан автобус дәл жолда өртеніп кеткен. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше салон Ішінде 15 адам болған. Қозғалтқыш бөлігі өртенген кезде барлық адамдар көліктен аман-есен шығып үлгерген.

– 28 мамыр, сағат 19:43-те  «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 27 шақырымында жолаушылар автобусының қозғалтқыш бөлігі өртенді. Өрт 20:20-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, –деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталуы.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Видео: облыстық ТЖД

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button