Жаңалықтар

Қарағанды облысының прокуратурасы 2022 жыл бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін қорытындылады

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың қатысуымен қадағалау ведомствосының 2022 жылғы жұмысы қорытындыланды.

Облыс прокуроры қадағалау шараларымен 497 бұзушылық жойылғанын, 1000-нан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

22 кәсіпорында 867 қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді. 269,4 млн. теңге сомасына жалақы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді.

Прокурорлардың актілері бойынша мемлекетке 1,7 млрд теңге өтелді, 1 млн. гектардан астам жер қайтарылды.

Соттарда мемлекеттің мүддесі қорғалып, бюджетке 506 млн. теңгеге өтелді.

Қадағалау органының араласуынан кейін мемлекеттік органдардың бизнес субъектілеріне қатысты 19 заңсыз тыйымдары мен шектеулері күшін жойды.

15 заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді.

Үш буынды модель аясында 26 мыңнан астам шешім зерделенді. 1500 заңсыз қаулыны келісуден бас тартылды. 137 адам негізсіз айыптаулардан қорғалды. Изоляторлар мен қызметтік үй-жайлардан заңсыз ұсталған 43 адам босатылды.

Прокуратураның бастамасы бойынша бірқатар үкімдер қайта қаралып, 28 адамның жағдайы жақсартылды.

Облыс прокурорының орынбасарлары жетекшілік ететін қадағалау салалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаев әріптестерінің назарын Президенттің тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға аударды. Сондай-ақ, барлық салада азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, азаптаулардың және тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерінің алдын алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға жол бермеу, қылмысқа қарсы кешенді шаралар қабылдау негізгі міндеттер болып табылатынын атап өтті.

Жұмысты қорытындылай келе, Бауыржан Мырзакеров облыс прокуратурасы алдындағы басым міндеттерді айқындап, оларды уақтылы орындауды тапсырды.

Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button