ЖаңалықтарЗаң және тәртіп

Қарағанды облысында «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы өтті

Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы өтті. «Заң және тәртіп» идеологемасы аясындағы шара Қарағанды облысы прокуратурасы жанындағы Жобалық кеңсенің жүйелі жұмысы шеңберінде ұйымдастырылды.

Суреттерді түсірген А. Марченко

Достық үйінің конференц-залында акция аясында дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Еділ Жұбанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Тілеубай Құсайынов,
ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы директорының орынбасары  Жанна Медиева қатысты. Сондай-ақ,
мемлекеттік корпорация басшылығы мен мамандары, облыстық мәслихат депутаттары кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

– Бұл жұмысты былтыр қазан айында бастадық. Прокуратураның, полиция департаментінің, әкімшіліктің жұмысымен таныстық. Облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, қоғам белсенділері және жастар мен БАҚ өкілдері осы шараға белсенді атсалысып жүр. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының жұмысын бүгін аралап көрдік. Барлығы заң аясында елге қызмет етуде. Бір айта кетерлігі, 2004 жылы Астана қаласында шет елдің сарапшылары Азаматтарға арналған үкіметтің Қазақстанда қолға алына бастағанын және үйлен шықпай-ақ, қалаған құжатты рәсімдеуге болатынын айтқанда ертегі сияқты көрінген. Бүгін сол ертегі ақиқатқа айналып, цифрландыру жағынан әлемдегі дамыған елдер қатарына ендік. Бұл тынымыз әрі ауқымды жұмыстың нәтижесі, – деп атап өтті ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.

Акция бағдарламасына сәйкес үш бағыт бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның аясында қоғам өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, әлеуметтік блоктың, жылжымайтын мүлікті тіркеу және жер кадастры органдарының қызметімен танысты, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірмелер алды.

«Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы Достық үйінде өтетін қорытынды талқылаумен аяқталып, іс-шара нәтижелері шығарылды. Аталған акция мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық өзара іс-қимылды дамытуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ заңдылық пен тәртіп қағидаттарын практикалық тұрғыда ілгерілетуге бағытталған.

Толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар…

Жәлел ШАЛҚАР
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button