Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде өрт шығып, екі адам қаза тапты
Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 1972 және 1979 жылы туған екі ер адам қаза тапты. Бір ер адам өлі күйінде табылса, екіншісі есін жимастан ауылдық ауруханада көз жұмды. Өрт сөндірушілер үшінші адам – 1975 жылы туған үй иесін аман алып қалды. Денесін күйік шалып, көмірқышқыл газымен уланған ол ауылдық ауруханаға жатқызылды.
Өрт туралы хабар төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне сағат 23:38-де түскен. Жалпы аумағы 40 шаршы метр аумақты алған тілсіз жау сағат 00:38-де ауыздықталды. Өрттің алдын ала себебі – ашық өрт көзі. (сөндірілмеген темекі, сіріңке).
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.