Жаңалықтар

Қарағанды облысында Сенат депутаттарына дауыс беру аяқталды

Қарағанды облысындағы барлық деңгейдегі маслихат депутаттары ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға дауыс берді. Жалпы барлық деңгейде 204 депутат болса, оның 13-і белгілі себептерге байланысты дауыс беруге қатыса алмады.

 

Облыста Сенат депутаттығына 3 кандидат тіркелгенін айту керек. Сайлау қорытындысын 7 күн аралығында Орталық сайлау комиссиясы хабарлайтын болады.

– Белгілі себептерге байланысты дауыс беруге қатыса алмаған депутаттарға алдын ала хабарланған болатын. Барлығына да сайлау уақыты мен орны туралы хабардар етілді. Бірақ, өмір болған соң түрлі жағдайлар болуы мүмкін, – деді Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нүркенов.

Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама толтырылады.

Басқа материалдар

Back to top button