Ресми

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Азамат Айтбайұлы Тайжанов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Азамат Тайжанов Қазақ гуманитарлық-заң университетін (Халықаралық құқық бакалавры), Жапониядағы Токай университетін (экономика магистрі), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. PhD докторы.

2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Экономика және бюджеттік жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінде әртүрлі қызметтер атқарды.

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Егіндікөл және Аршалы аудандарының әкімі болып жұмыс істеді. “Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы” АҚ Басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болды.

2021 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің кеңесшісі.

2023 жылғы мамырдан бастап осы тағайындауға дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button