АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысы елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жетінші орында

Аграрлық саланың әлеуетін одан әрі қалай арттыра түсетінін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Өздеріңіз білетіндей, биыл облыста 1 млн 300 мың тонна астық өнім жинап, рекордтық көрсеткішке жеткен болатын. Ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша Қарағанды облысы елімізде жетінші орында тұр. Жергілікті фермерлер тек облыстың ғана емес, Астананың да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

– Аграрлық өнеркәсіп кешеніне жыл соңына дейін 23 млрд теңгеден астам сомаға 30 инвестициялық жоба іске асырылады. Ауылдарды дамыту аясында «Ауыл аманаты» жобасын ерекше атап өткен жөн. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар беріп, осы бағдарламаның тиімділігін атап өтті. Біздің облыста «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 483 шағын несиеге 4,4 млрд теңге бөлінді. Оның жартысы мал шаруашылығын дамытуға, қалған бөлігі ауыл тұрғындарының бизнес – жобаларына бағытталған. Нәтижесінде ауылдық жерлерде 816 жұмыс орны ашылып, 60-тан астам ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Ақтоғай ауданындағы «Saq NS» СК неміс технологиясы бойынша бие сүтін өндіретін цех ашып, ай сайын 30 тонна қымыз өндіреді. Қарқаралы ауданындағы «Мәди-Агро 7» СК ет өндірісін арттырып, өнімдерін «Qarmet» компаниясы тұтынып отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button