Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысы да «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты

23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Бұл күні әлемнің мыңдаған түрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшіріледі.

Сурет: baq.kz

«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Бұл әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.

Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Қарағанды облысы да акцияға қолдау көрсетті.

Қазір Қарағанды ​​облысында сағатына 14 миллиард кВт-тан астам электр энергиясын өндіретін 7 ЖЭО жұмыс істейді. Бұл халық пен өнеркәсіптің электр энергиясын жоғары тұтынуын көрсетеді.

Өңірде жаңартылатын және баламалы энергетика басым бағыт ретінде дамып келеді.

Бүгінгі таңда Қарағанды ​​облысында 7 қондырғы жұмыс істейді (оның ішінде 5 күн электр станциясы (СЭС Саран, KazSolar 50 ЖШС (Ағадыр-1), KazSolar 50 ЖШС (Ағадыр-2), KPM Delta ЖШС (Гүлшат), KAZ GREEN ENERGY ЖШС (Балқаш қ.). ), 1 биогаз қондырғысы («Агрофирма Құрма» ЖШС), жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша 1 шағын су электр станциясы (Интумақ шағын су электр стансасы), жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтады.

Болашаққа арналған жобаларды атап өтетін болсақ, облыста 6 жобаны (оның ішінде 2 күн электр станциясы (Саран, Балқаш (Қоңырат, 2-кезең), 3 жел электр станциясы (Осакаров ауданы) және жалпы қуаттылығы 300-ден астам 1 биоэлектр станциясы (Горкомтранс)) іске асыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі жалпы өндірілетін энергияның 2,7%-ын құрап отыр.

– Табиғатқа кері әсерін тигізетін көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларынан электр энергиясын өндіруді азайту үшін тұрғындардан электр энергиясын ұтымды пайдалануға шақырады.

«Жер сағаты» акциясының  басты мақсаты- тек бір сағат энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау ғана емес, бұл әдетті 365 күн бойы жүйелі түрде қолдануымыз керек, – дейді облыстық экология департаментінің мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Видео: облыстық экология департаменті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button