Бас тақырып

Қарағанды облысында 1 133 984 адам тұрады

Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Сурет kz.kursiv.media

Оның ішінде:
▪️қала тұрғындары – 12 774 743
▪️ауыл тұрғындары – 7 511 341

– Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен – 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%, – делінген ақпаратта.

Астана (1 528 887 адам) және Алматы облысында (1 560 377 адам) 1,5 миллионнан астам адам тұрады.

Миллионнан астам халқы бар қалалар мен өңірлер:

  • Шымкент – 1 256 263 адам
  • Жамбыл облысы – 1 222 513 адам
  • Қарағанды облысы – 1 133 984 адам

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button