Қарағанды қаласының Кеншілер даңғылы, 5/2 мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-да дайын құжаттарды беретін постамат пайда болды. Ол аптаның барлық күндерінде тәулік бойы қолжетімді. Құжаттарды кез-келген ыңғайлы уақытта, тіпті жұмыстан кейін де алуға болады.
– Бұған дейін пилоттық жоба Астана мен Алматыда енгізілген болатын. Көрсетілетін қызметті алушылар постаматтардан 2 мыңнан астам құжатты өз бетінше алды, – деп атап өтті “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметінде.
Енді жоба басқа қалаларда, соның ішінде Қарағандыда да жүзеге асырылды.
Сервис танымал қызметтердің 11 түрі бойынша қолжетімді: баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың дубликаттары және т. б.
Қызметке өтінімді ресімдеу кезінде ХҚКО құжатты постаматтан алуды ұсынады. Егер сіз келіскен болсаңыз, құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін үш күн ішінде алып кету керек. Ұяшық биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS-тен 5 таңбалы кодты енгізгеннен кейін ашылады.
Мемлекеттік корпорация қызмет алушыларға дайын нәтижелерді алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ екенін еске салды. SMS-хабарламаға келісе отырып, үйге жеткізуге тапсырыс беруге болады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА