Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды базарларындағы еттің сапасы тексерілуде

Қарағандыда өңірлерден әкелінген еттің сау, ұрланбаған малдың еті екеніне көз жеткізу үшін және арнайы мал сою пунктінде сойылғаны туралы анықтаманың бар-жоғын тексеру үшін мал дәрігерлері мен полицейлер рейдке шықты.

Суреттер: Қарағанды ​​облыстық аумақтық инспекциясынан

– Ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ өнімдерді тасымалдау фактілерін анықтау бойынша полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері 35-ке жуық факті анықталды, – дейді Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Серік Қожахметов.

Рейдтің бірінші күні бірден төрт тәртіп бұзушы шаруа анықталған. Оларға 78 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, ет арнайы зертханаға сараптамаға жіберілді.

– Биылғы жылы бірлескен рейдте 12 жеке тұлғаға 886 080 теңге айыппұл салынып, 406 120 теңге жеңілдетілген тәртіппен өндірілді. Сатуға әкелінген еттер ветеринарлық ілеспе құжаттарсыз тасымалданған, – дейді Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Жасқанат Сейдахметов.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button