Медицина

Қарағанды ауруханаларының бірінде науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болды

40 жастағы Төрежан Мақашевке жоспарлы ота жасау керек болған. Облыстық клиникалық аурухана анафилактикалық шоктан өлім фактісі тіркелгенін растады.

Сурет: inform.kz сайтынан

– Науқасқа операция кезінде асқынуларды болдырмау үшін профилактикалық мақсатта «Цефтриаксон» препараты тағайындалды. Науқастың «Цефтриаксон» препаратына аллергиясы бар екендігі туралы айтылғанын ескере отырып, клиника дәрігерлері аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсету стандартының талаптарына сәйкес оны енгізер алдында теріішілік аллергиялық сынақ тағайындады, ол теріс нәтиже көрсетті. Науқастың амбулаториялық картасында аллергиялық реакцияның болуы туралы деректер жоқ, – дейді облыстық клиникалық ауруханасының мамандары.

Препаратты көктамыр ішіне енгізгеннен кейін ер адамда анафилактикалық реакция болып, аяғы қайғылы жағдаймен аяқталған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті жоспардан тыс тексеру жүргізуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button