Бас тақырып

Қарағанды қар астында қалмайды

Қыс қыр астында. Ал, Қарағандының қысын Арқа жұрты жақсы біледі. Биылғы қыста көшенің қарын тазалау үшін 350-ден астам арнайы техника сақадай сай. Қар тазалайтыннан бөлек, жолға құм-тұз қоспасын себуге арналған арнайы техника да бар. Жұмыс екі ауысымда жүргізіледі деп күтілуде. Ал, қалың қар жауған күні тәулік бойы жүргізіледі. Осы және басқа да мәселелер қала әкімдігінде өткен жиында талқыланды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

– 130-дан астам арнайы техника Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның жолдарында жұмыс істеуі тиіс. Мұнда әкімдік бірден жеті жаңа көлік сатып алды. Оның екеуі – трактор, екеуі – автогрейдер. Сонымен қатар, Камаз және МДК жол машинасын да алды. 100-ден астам жұмысшы екі ауысымда жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, аудан әкімдігі жолдар мен тротуарларға себілетін 10 мың тонна құм-тұз қоспасын сатып алды, – деді жауапты мамандар.

Одан бөлек, Қазыбек би атындағы ауданның жолдарын қардан тазарту үшін үшін 220 бірлік техника мен 190 жұмысшы дайын. Олар да екі ауысымда жұмыс істемек. Көктайғақтың алдын алу үшін жергілікті әкімдік 15 мың тонна құм-тұз қоспасын сатып алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button