Қарағанды-Қарқаралы жолы қашан жөнделеді?
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Saryarqa» телеарнасына тікелей эфирге шығып, облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Аймақ басшысы Қарағанды-Қарқаралы жолы жөнінде тұрғындардан келіп түскен сауалға жауап берді.
– Жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы біз 50 шақырымын жөндеген болатынбыз. Биыл тағы 50 шақырым жолын жөндейміз. Өткен жолы өзім де барып қайтқан болатынмын. Жөнделген жолдар біршама түзеліп қалған екен. Биыл да жұмыстар жалғасын табатын болады. Себебі Қарқаралы облысымыздағы туризм саласы дамыған аудан болып табылады. Ал біз тиісінше туризм саласының дамығанын қалаймыз. Ал ол үшін жақсы жол керек. Сондықтан бұл мәселе тікелей біздің басты назарымызда. Биыл жобамен аяқталып қалу керек. Содан кейін Ботақарадан бері қарай екінші жобамыз бар. Сол жобаны бастайтын боламыз, – деді аймақ басшысы.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz