Жаңалықтар

Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі имамдарға арналған қызметтік пәтердің эскизін мақұлдады

Биыл 15 наурыз күні имамдарға арналған қызметтік пәтерлердің құрылысын бастау мақсатында жер телімі берілгендігі жөнінде Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Мұратұлының қаулысы қабылданған болатын.

Сурет: “Әнет баба” мешітінің баспасөз қызметінен

 “ҚМДБ” РИДБ филиалы Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешіті арқылы жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы “Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінен алынған.

Қазіргі таңда Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан имамдарға арналған қызметтік пәтердің эскизі мақұлданды.

Бұған дейін құрылысқа қатысты барлық коммуналдық мекемелерден техникалық шарттар алынған еді.

Бұйырса, мешіт қызметкерлеріне арналған пәтер Әлихан Бөкейхан ауданы, Восток-3 шағын ауданы Nº5/7 жер телімінде салынатын болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button