Жаңалықтар

Қарағанды қаласының әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қарағанды қаласының әкімі болып Мейрам Мұратұлы Кожухов тағайындалды.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, әкім лауазымына кандидатурасын ұсынды.

Депутаттар оны қолдады.

– Мейрам Мұратұлы көп жылдар бойы Қарағандыда жұмыс істеді. Барлық мәселелермен таныс. Ең бастысы, қала тұрғындары оны жақсы біледі. Жинақталған тәжірибе мен білім оған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзінің әлеуетін іске асыруға көмектеседі деп сенемін. Сіздің басымдығыңыз қарағандылықтардың өміріне қолайлы жағдай жасау болуы тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ермағанбет Бөлекпаев жаңа әкімнің алдына облыс орталығын, инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету міндеттерін қойды.

Мейрам Кожухов 1972 жылы дүниеге келген. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Саран мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы болды. Ақтас кентінің әкімі, Саран қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button