Жаңалықтар
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов референдумда дауыс берді
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда өз дауысын берді. Қала басшысы бұл күннің еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

– Мен бүгін жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда өз дауысымды бердім. Бүгін — еліміз үшін маңызды әрі тарихи күн. Біз мемлекетіміздің және болашақ ұрпақтың тағдырын айқындайтын шешім қабылдап жатырмыз. Әр азаматтың дауысы елдің болашағына ықпал етеді, – деді Мейрам Кожухов.
Сондай-ақ қала әкімі тұрғындарды белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды. Оның айтуынша, мұндай маңызды саяси науқанға қатысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық жауапкершілігі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



