Ресми

Қарағанды қаласы әкімінің құттықтауы

Бүгін – ерекше күн. Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы.

Мен үшін Қарағанды – жер бетіндегі ең сүйікті, ең әдемі әрі ерекше қала және менімен көпшілік келісетініне сенімдімін.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Ертеректе 1857 жылы қазіргі Қарағанды аумағында тас көмір өндіру бойынша тау-кен қазбасы – Ивановский кеніші пайда болды. 74 жылдан кейін, нақтырақ айтсақ, 1931 жылы шахтерлердің қонысы жұмысшы қоныс болып қайта құрылып, 3 жылдан кейін Қарағандыға қала мәртебесін берді.

Аймақ көмір саласының символы және әлі күнге дейін де солай. Бүгінде қала қарыштап дамып келеді. Өзінің қайталанбас келбеті мен атмосферасына ие болды, қазір ірі өнеркәсіп орталығы.

Мұнда әрдайым өнердің, мәдениеттің, спорттың мықты дәстүрлері сақталған. Мұнда Алаш қайраткерлері тұрып, елімізде ғана емес, әлемдік кеңістікте танымал спортшылар, әртістер, ғалымдар дүниеге келді.

Қарағанды жері әрдайым өз таланттарымен танымал және солай болып қала береді. Қаланың барлық жағымды жаңалықтары мен оң өзгерістері атап өтуге болады, бірақ, біздің Қарағандының қалай өзгергенін өздеріңіз көріп отырсыздар.

Қаланың басты байлығы – еңбекқор, қайырымды, талантты тұрғындар! Сіздердің еңбектеріңіздің, өзгелер мұны мүмкін емес деп санайтын күрделі міндеттердің алдында шегінбеудің арқасында, оны жас ұрпаққа жеткізетін ардагерлеріміздің тәжірибесінің арқасында – бүгін біз болашаққа сеніммен қараймыз!

Қаламыздың мәртебесі арта берсін, мерейлі мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.

Баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Қарағандының мерейтойы құтты болсын!

М.КОЖУХОВ,
Қарағанды қаласының әкімі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button