Руханият

Қарағанды Абайды ұлықтады

Қарағанды облысы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтті.  «Адамзаттың Абайы» атты республикалық онлайн-челленджге белсенді қатысқан аймақ тұрғындары өзіндік өнерлерін ортаға салды.  «Адамзаттың Абайы» эстафетасын ұлы ақынның тарихи отаны – Абай облысына жолдап, өңірлер арасындағы рухани байланысты нығайтты. 

Суреттер облыс әкімдігі сайтынан

Челленджді алғашқылардың бірі болып белгілі ақын, журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бағдат Мүбәрак бастап, Абай мұрасының тек мәдени қазына ғана емес, сонымен қатар моральдық бағдар екенін атап өтті.

«Абайдың сөздері ғасырлар бойы жаңғырып, адамдардың білімге, адалдық пен ар-ожданға ұмтылысын оятады», – деген ол ойшылдың поэтикалық мұрасын қазіргі заман тұрғысынан зерделеудің маңыздылығына тоқталды.

Республикалық акция ерекше қолдау тауып, онлайн-челленджге 1000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында оқушылар мен студенттер, педагогтар, ғалымдар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, жастар бірлестіктерінің өкілдері және өңірдің белсенді тұрғындары бар.

Челленджге қатысқан Н. Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әлия Бауыржанқызы бала кезінен Абай поэзиясына қызығады. Абай Құнанбайұлының шығармалары әрдайым өзектілігін жоғалтпайды. Жастардың көбірек осы мұрамен танысып, сусындағанын қалаймын – себебі онда терең даналық, адамгершілік және Отанға деген махаббат жатыр» дейді ол. 

Қатысушылар «Қара сөздерден» үзінді оқып, Абай шығармашылығының өзектілігін жоймайтыны жайлы  ойларымен бөліскен бейнероликтер түсірді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button