Қарқаралы

Қарағайлыда дәмхана ашылды

Қарқаралы ауданында шағын кәсіпкерлікті дамыту шарасы ерекше қарқын алуда. Мәселен, жыл сайын жастардың тың жобаларын қолдау мақсатында аудан әкімінің гранты табыс етіліп отырады.

Жақында аудан әкімінің 800 мың теңге көлеміндегі грантына ие болған Қарағайлы кентінің тұрғыны Самал Арынбек өз ісін ашты.

Самал кенттегі көпқабатты үйдің екі бөлмесін жөндеуден өткізген. Сөйтіп, шағын дәмхана бизнесін жолға қойды. Мұнда ұлттық тағамдарымыздан бастап, шетелдік тағам түрлері, тәтті-дәмді өнімдер сатылады.

Дәмхананың ашылу салтанатына аудан әкімі Халел Мақсұтов қатысты. Аудан басшысы жас кәсіпкердің бастаған ісіне береке тілеп, өзге жастарға өнеге етті.

Бүгінде Самал екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнімдерге сұраныс – жоғары, бағасы да көңілге қонымды.

Сағыныш ӘБІЛ 

Басқа материалдар

Back to top button