АймақАқтоғай

Қар күреген қайырымдылар

Ақтоғайлық волонтерлер аудан мен ауылда тұратын қарт кісілер мен жалғызбасты аналардың ауласын қардан тазалауға үлес қосып жатыр. Алғыс айту күні қарсаңында Қызыларай ауылының ерікті жастары жалғызбасты ананың үй ауласының қарын күреп, қолғабыс етті. Бұған дейін де толассыз қар жауғаннан кейін еріктілер қарт кісілердің ауласының қарын күреп, көмек берген болатын.

Суретті түсірген автор

Айта кетейік, жастардың мұндай бастамасы бірқатар қоғамдық орын мен тұрғындар көп келетін нысандардың ауласын таза ұстау­ға септігін тигізіп отыр. Бұдан бөлек, әлеуметтік мекемелерді де қамту жоспарда бар. Ал, еріктілер қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Бұл туралы Ақтоғай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Шыңғыс Елеген мәлім етті.

– Бұл акция «Ардағым-ардагерім» аясында қыс келгелі жүзеге асырылуда. Адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта да балабақшалардың, жалғызбасты қарттар, әже-аталарымыздың үй аулаларын қардан тазартып, оларға ыңғайлы жағдай жасау жоспарда бар. Қарт адамдар мен жалғызбасты аналар үшін ауланың қарын күреу оңай жұмыс емес. Осындай қолғабыстан шет қалмайтын және үлкен кісілерге көмекке ұмтылатын жастардың саны артып келеді, – дейді Шыңғыс Елеген.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button