Бас тақырып
Қарқаралыдағы дала өрті: жағдай тұрақты
Қарқаралы ауданындағы жағдай тұрақталды. Бүгінде жаңа жану ошақтары табылған жоқ. Өрт болған жерде қарауылдау жүргізіліп, өрт аумағы нақтылануда. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіру үшін жалпы көлемі 112 текше метр болатын арнайы құрылғысымен 62 мәрте су сепкен.
Өртті жоюға ТЖД, ПД, ТЖМ ӘБ күштері мен құралдары, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Кувск шаруашылықтары, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылықтары, Қарағанды мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – жалпы 306 адам және 37 бірлік техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар жағдайды бақылауын жалғастыруда және өртті тез арада жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz