Қарқаралы

Қарқаралыда халықаралық турнир өтті

Қарқаралыда «Каскад» демалыс аймағында ABADAN Ережесіз күрес Халықаралық турнирі өтті. Сайыс Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығына арналды.

Турнирдің ұйымдастырушысы ABADAN күрес клубы. Жарысқа Қазақстаннан, Ауғанстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан және Ресейден жиналған 20 спортшы қатысты.

– Бұл дәстүрлі турнир жетінші рет өткізілді. Және де біз оны алғаш рет өз отанымызда, Қарқаралы қаласында өткіздік. Сайыстың алдыңғы алтауы Қарағандыда өткен болатын. Бірақ енді жыл сайын жазда бір турнирді дәл осы жерде өткіземіз, – деп мәлім етті турнирді ұйымдастырушы, ABADAN ережесіз жекпе жек академиясының негізін қалаушы Нұрлан Қалтаев.
Турнир қорытындысы бойынша ABADAN FIGHTING CHAMPIONSHIP додасының бас чемпиондық белдеулеріне Шымкенттен Бекжан Өтемісов пен Нұр-Сұлтан қаласынан Әли Қабдолла ие болды. Бекжан Өтемісов қарағандылық Олег Удодпен болған кездесуде жеңіске жетті. Ал Әли Кабдолла Өзбекстаннан келген спортшы Хусниддин Махсудовты жеңді.
Бұдан басқа жекпе-жектерде алматылық Мейір Әбілғазиев Тәжікстаннан келген Джонон Сафаровты жеңіп шықты. Ал Қырғызстаннан келген Жақып Туғанбаев алматылық Әшімхан Мәуленді жеңді. Ресейлік Кирилл Шабанов Тәжікстаннан келген Джалоллидин Джуревтен жеңіліп қалды. Қайрат Нұрбай уулы Жолдошбек уулуға жол берді. Қарағандылық Жантас Қожанәсіп Ауғанстаннан келген Мирюбай Хайдармен болған кездесуде жеңіске жетті. Жорабек Тешебаев алматылық Мырзам Еркенбековпен болған кездесуде басым түсті. Майрбек Берсанов қарағандылық Мирас Мұхамеджановтан жеңіліп қалды. Ал алматылық Аян Айтуғанов-Қарағандылық Бауыржан Қуанышбаевқа есе жіберді.

Басқа материалдар

Back to top button