Қарқаралы

Қарқаралы ауданында – жаңа әкім

Қарқаралы ауданының әкімі лауазымына Эльдар Дүйсетаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Эльдар Дүйсетаев 1981 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін, 2019 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша  Оңтүстік Калифорния университетін бітірген.  
Еңбек жолын 2003 жылы Қарқаралы қаласының №2 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2010 жылға дейін Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді. 
2010 жылдан 2014 жылға дейін орталық мемлекеттік органдарда және оның аумақтық бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда болды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қарқаралы ауданының бұрынғы әкімі Халел Мақсұтов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 

Басқа материалдар

Back to top button