Қарқаралы ауданы бір жылда жиырма бес мыңға жуық турист қабылдайды
Қарқаралы ауданында туризмді дамыту бойынша 3 жылдық жол картасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Облыстағы 90%-дан астам орман алқабы Қарқаралы ауданында орналасқан. Аудан аумағында екі орман шаруашылығы мекемелері бар. Оның бірі – жалпы аумағы 112 120 га, орман қоры – 53 781га Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі болса, екіншісі – Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қу орманшылығы. Орманшылықтың жалпы аумағы 25 192 га, орман қоры –9 184 га.
Қазір ауданда 3 мыңға жуық турист қабылдай алатын 35 демалыс үйі бар, 4 туристік бағыт қызмет көрсетуде. Олар «Бассейн» көлі, «Үш үңгір», «Шайтанкөл», «Тарихи ескерткіштер», – дейді Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Серік Төлеубек.
2022 жылда ауданға келген ресми туристер саны 23,6 мың адам болғанын айту керек. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 127,7% жоғары. Ал, осы салада көрсетілген қызметтер көлемі – 625,8 млн.теңгені құраған.
Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz