Жаңалықтар

Арқа абызы ардақталды

Алматы қаласында «Қазақ әдебиетінің жарқын келешегі» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының қорытынды жиыны өтті. Руханият пен сөз өнерін ту еткен қаламгерлер бас қосқан алқалы жиында Арқа өңіріне ақжолтай хабар жетті. Арқаның абыз ақсақалы, белгілі қаламгер Өмір Кәріп Қазақстан Жазушылар одағының Құрметті жазушысы атанды!

Сурет газеттің мұрағатынан

Жиында ұйымның бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңнің бағыт-бағдары айқындалды. Былтыр мерейлі 85 жасқа толған Өмір Кәріп – ұлттық әдебиетімізге сүбелі үлес қосқан ардақты қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Қасиетті сөз өнеріне адал қызмет етіп келе жатқан абыз ақсақалдың бұл мәртебелі атаққа ие болуы – оның ұзақ жылдарғы шығармашылық еңбегіне көрсетілген зор құрмет.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ел аумағында сөз өнерінің жүгін арқалаған 1160 жазушы тіркелген. Сондай-ақ, әдебиет айдынына жаңа леп әкелген 50 қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының қатарына қабылданды.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button